Клотримазол в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению клотримазола в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток клотримазола, взаимодействие с другими лекарствами, применение клотримазола (таблетки) при беременности. Инструкции: Клотримазол в креме; Клотримазол в растворе; Клотримазол в свечах;
Торговое название: Клотримазол
Международное название: Клотримазол
Лекарственная форма: Таблетки вагинальные 100 мг.
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D01 Противогрибковые препараты для применения в дерматологии
D01A Противогрибковые препараты для местного применения
D01A C Производные имидазола и триазола
Фарм. группа:
Антисептики и противомикробные и антисептические препараты для лечения гинекологических заболеваний. Производные имидазола. Клотримазол. Код АТХ:G01A F02.
Условия хранения: Хранить в оригинальной упаковке при температуре не выше 25 оС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения: 3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту.
Описание: Таблетки белого или почти белого цвета, овальной формы, с двояковыпуклой поверхностью.

Состав клотримазола в таблетках

Активное вещество клотримазола

Одна таблетка содержит: клотримазол 100.0 мг.
Бір таблетканың құрамында: 100.0 мг клотримазол.

Вспомогательные вещества в клотримазоле

Одна таблетка содержит: лактозы моногидрат, крахмал кукурузный, целлюлоза микрокристаллическая, кремния диоксид коллоидный безводный, кислота адипиновая, кальция стеарат.
Бір таблетканың құрамында: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, адипин қышқылы, кальций стеараты.

Показания к применению таблеток клотримазола

генитальные инфекции, вызванные дрожжевыми грибами рода Candida и/или Trichomonas vaginalis (кандидозный вульвит, вульвовагинит, трихомониаз).
Candida тұқымдастығы ашытқы зеңдерінен және/немесе Trichomonas vaginalis-ден болған генитальді жұқпаларда (кандидозды вульвит, вульвовагинит, трихомониаз).

Противопоказания клотримазола в таблетках

  • повышенная чувствительность к клотримазолу или другим компонентам препарата
  • беременность и период лактации
  • менструальный период
  • детский и подростковый возраст до 18 лет
  • клотримазолға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • етеккір кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Побочные действия таблеток клотримазола

Очень редко:
  • зуд, покраснение, боль и отек слизистой оболочки в области входа во влагалище (при появлении этих симптомов лечение следует прекратить)
Өте сирек
  • қынапқа енетін жердегі аймақтың шырышты қабығының қышуы, қызаруы, ауыруы және ісінуі (бұл симптомдар пайда болған кезде емдеуді тоқтатқан жөн).

Особые указания к применению

По назначению врача возможна одновременная обработка наружных половых органов 1 % мазью или 1 % раствором Клотримазола; при необходимости врачом могут назначаться дополнительные системные лекарственные средства (например, метронидазол внутрь). У пациентов с нарушением функции печени следует периодически проверять ее функциональное состояние. При отсутствии эффекта, следует провести микробиологическое исследование для подтверждения диагноза и исключения другой причины заболевания. Рекомендуется одновременное лечение обоих половых партнеров.

Появление раздражения или других проявлений повышенной чувствительности требует обязательной консультации врача.

Препарат может снижать эффективность противозачаточных средств, изготовленных из латекса (презервативы, диафрагмы). Этот эффект временный и наблюдается только в период лечения.

Необходимо применять препарат на протяжении всего срока лечения, даже если симптомы заболевания исчезли раньше. Соблюдение этих рекомендаций поможет предупредить развитие реинфекции.

Запрещается применять таблетки внутрь!

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
О случаях влияния препарата на скорость реакции при управлении автотранспортом или работе с другими механизмами не сообщалось.
Дәрігердің тағайындауы бойынша сыртқы жыныс мүшелері Клотримазолдың 1% жақпамайымен немесе 1% ерітіндісімен бір мезгілде өңделуі мүмкін; қажет болған кезде дәрігер қосымша жүйелік дәрілік заттарды (мысалы, метронидазолды ішуге) тағайындауы мүмкін. Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде оның қызмет жағдайларын мезгіл-мезгіл тексеріп отырған жөн. Әсері жоқ болған кезде диагнозды растау және аурудың басқа да себептерінің бар-жоғын анықтау үшін микробиологиялық зерттеу жүргізген жөн. Жыныстық жұптастардың екеуін де бір мезгілде емдеу керек.
Тітіркенудің немесе жоғары сезімталдықтың басқа да біліністері пайда болғанда міндетті түрде дәрігердің кеңесі қажет.

Препарат латекстен жасалған ұрықтануға қарсы заттардың (мүшеқаптар, диафрагмалар) тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл әсер уақытша және емделу кезеңінде ғана байқалады.

Препаратты емдеудің бүкіл мерзімі ішінде, тіпті ауру симптомдары ерте жоғалса да, қолдану қажет. Осы нұсқауларды орындау жұқпаның қайталануының алдын алуға жәрдемдеседі.
Таблетканы ішуге қолдануға болмайды!

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті басқарғанда немесе басқа да механизмдермен жұмыс істегенде реакция шапшаңдығына ықпал етуі жөнінде айтылмаған.

Дозировка и способ применения

Обычно препарат применяют по 1 таблетке 2 раза в день в течение 3 дней или по 1 таблетке в день в течение 6 – 7 дней. Таблетку следует вводить глубоко во влагалище. Лечение должно быть завершено до начала менструации.
Әдетте препаратты 3 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан немесе 6 – 7 күн бойы күніне 1 таблеткадан қолданады. Таблетканы қынапқа терең етіп енгізген жөн. Емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

Взаимодействие с лекарствами

  • при одновременном применении клотримазола с нистатином активность клотримазола может снижаться
  • дексаметазон, применяемый в больших дозах, снижает противогрибковое действие клотримазола
  • антимикробное действие клотримазола усиливают высокие местные концентрации пропилового эфира п-оксибензойной кислоты
  • при одновременном применении клотримазол снижает активность амфотерицина В и других полиеновых антибиотиков.
  • клотримазолды нистатинмен бір мезгілде қолданған кезде клотримазолдың белсенділігі төмендеуі мүмкін
  • үлкен дозаларда қолданылатын дексаметазон клотримазолдың зеңге қарсы әсерін төмендетеді
  • клотримазолдың микробтарға қарсы әсері п-оксибензой қышқылының пропилді эфирінің жергілікті концентрацияларын күшейтеді
  • бір мезгілде қолданған кезде клотримазол В амфотерициннің және басқа да полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді.

Передозировка клотримазолом в таблетках

Информация отсутствует.
Ақпараттар жоқ.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При интравагинальном введении абсорбция составляет 3-10 % от введенной дозы. Высокие концентрации в вагинальном секрете и низкие концентрации в крови сохраняются в течение 48-72 ч. Абсорбированный клотримазол метаболизируется в печени до неактивных метаболитов и выводится с мочой и калом.
Қынап ішіне енгізгенде сіңірілуі енгізілген дозаның 3-10 % құрайды. Қынаптық секретте жоғары концентрациясы және қанда төменгі концентрациясы 48-72 сағат бойы сақталады. Сіңірілген клотримазол белсенді емес метаболиттерге дейін бауырда метаболизденеді және несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамика

Клотримазол – синтетическое антимикотическое и противопротозойное (трихомонацидное) средство группы производных имидазола. Механизм действия заключается в торможении синтеза эргостерола, необходимого для построения клеточной мембраны грибов, что приводит к нарушению ее проницаемости и последующему лизису клетки. В минимальных бактерицидных концентрациях клотримазол способствует выходу из клеток калия, соединений фосфора и разрушению клеточных нуклеиновых кислот. Ингибирует синтез триглицеридов и фосфолипидов.

Кроме того, угнетая активность пероксидаз, клотримазол повышает концентрацию перекиси водорода в клетке гриба до токсического уровня, что приводит к последующему разрушению клетки.

Спектр действия клотримазола включает дерматофиты (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, а также Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum, Aspergillus spp.), дрожжевые грибы (Candida spp., включая Candida albicans), стафилококки (Staphylococcus spp.), возбудители эритразмы (Corynebacterium minutissimum), трихомонады (Trichomonas vaginalis).
Клотримазол – имидазол туындылары тобының синтетикалық антимикоздық және протозойға қарсы (трихомонацидті) дәрілері. Әсер ету механизмі зеңдер жасушалық жарғақшасын құру үшін қажетті эргостерол синтезін тежеу болып табылады, бұл оның өткізгіштігінің бұзылуына және одан кейін жасушалардың ыдырауына әкеледі.

Өте аз бактерицидтік концентрацияларында клотримазол калийдің, фосфор қосылыстарының жасушалардан шығарылуына және жасушалық нуклеин қышқылдарының бұзылуына жағдай жасайды. Триглицеридтер мен фосфолипидтердің синтезін тежейді. Бұдан басқа, пероксидазалардың белсенділігін баса отырып, клотримазол зең жасушасында сутегінің асқын тотығының концентрациясын уытты деңгейге дейін арттырады, бұл жасушаның кейіннен бұзылуына әкеп соғады.

Клотримазолдың әсер ету ауқымы дерматофиттерді (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis, сондай-ақ Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum, Aspergillus spp.), ашытқы саңырауқұлақтарды (Candida spp., Candida albicans-ді қоса есептегенде), стафилококтарды (Staphylococcus spp.), эритразма қоздырғыштарын (Corynebacterium minutissimum), трихомонадтарды (Trichomonas vaginalis) қамтиды.

Упаковка и форма выпуска

Таблетки вагинальные 100 мг. По 10 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Қынаптық 100 мг таблеткалар. 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.